Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шу тұрғынынан 38 келіден астам есірткі тәркіленді

Шу тұрғынынан 38 келіден астам есірткі тәркіленді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және 5513 әскери бөлімінің арнайы бөлімше әскери қызметшілері "Қарасора-2022" жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында бірлесіп, есірткі заттарын заңсыз сақтаған адамға қатысты жедел ақпаратты іске асырды.

Шу ауданының аумағындағы "Шу-Меркі" тас жолынан 20 шақырым жердегі құмға жақын маңдағы аймақта Шу ауылының 50 жастағы тұрғынынан жалпы салмағы 38 келіден асатын "каннабис өсімдігі" есірткісі табылып, тәркіленді.

- Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторынақамаққа алынды. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі құралдарын аса ірі мөлшерде заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бұл бапбойынша 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімгебас бостандығынан айыру түріндегі жазақарастырылады, - деп хабарладыоблыстық ПДЕсірткі қылмысына қарсы іс- қимыл басқармасының бастығы Асқар Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру