Шұғыл қоңырау: Қарағандыда қыздан телефон ұрлап кеткен күдікті қолға түсті
Қарағандыда қыздан телефон ұрлап кеткен күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
4 маусымда Қарағанды қаласының ПБ Орталық полиция бөліміне 23 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Жәбірленуші қыз өзін белгілі бір адамның алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болғанын түсіндірді. Ол үйдің ауласында болған кезде ер адам оған жақындап, шұғыл қоңырау шалу керек деп телефон сұраған. Жігіт ұялы телефонын алып, біреуге қоңырау шалған кейіп танытып, содан кейін үйлердің арасында жасырынып қашып кеткен. Келтірілген шығын мөлшері 35 мың теңгені құрайды.
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойыншақылмыстық іс қозғалды.
9 маусымда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті – 27 жастағы ер адамды анықтап, ұстады, ол өз кінәсін мойындады. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.