Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте жиһаз жасап беремін деп, тұрғыннын ақшасын қайтармай қойған алаяқ анықталды

Шымкентте жиһаз жасап беремін деп, тұрғыннын ақшасын қайтармай қойған алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 10 маусымында Қаратау АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданды. Ол өз арызында үйінің жатын бөлмесіне белгісіз ер адамға жиһаз істетуге тапсырыс беріп, өзара 230 мың теңгеге келісіп, алдын ала төлем ретінде 180 мың теңге бергендігін көрсеткен. Алайда ақшаны алған адам қазіргі уақытқа дейін тапсырысты істеп бермей, жалтарып жүргендігін жазып көрсеткен.

Аталған жайт бойынша Қаратау АПБ КПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру