Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Балқашта ритуалды кәсіпорынның “жұмысшысы” тұрғынды алдап кетті

Балқашта ритуалды кәсіпорынның “жұмысшысы” тұрғынды алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 маусымда 61 жастағы қала тұрғыны Қарағанды қаласы ПБ Балқаш қаласының полиция бөліміне жүгінді. Жәбірленші әйел тапсырыс беру үшін ритуалды кәсіпорындардың біріне барғанын айтты. Онда өзін осы ЖШС-нің қызметкерімін деп таныстырған белгілі бір ер адамды кездестірген. Жәбірленуші оған 60 мың теңге беріп, ақылы қызмет көлемін алатынына сенімді болып кетіп қалған. Тапсырысынан хабар болмаған соң жағдайды білу үшін әйел ЖШС-ге келіп, одан ақша алған ер адам кәсіпорындардың штатында жоқ екенін анықтады.

Полиция жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті – 38 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.

Сотқа дейінгі тергеу барысында алаяқтың сол мекемеден құны 15 мың теңгені құрайтын екі шарбақты ұрлауға да қатысы бар екені белгілі болды.

ҚР Қылмыстық кодексінің алаяқтық пен ұрлық үшін жауапкершілікті қарастыратын екі бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру