Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер телефон ұрысын қолға түсірді

Шымкенттік полицейлер телефон ұрысын ізін суытпай қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 9 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз әйел Шымкент қаласы Қабанбай Батыр көшесінде орналасқан Қошқар-Ата демалыс аумағында құны 120 мың теңге тұратын “Xiaomi Redmi 9S” ұялы телефонын ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Күдікті телефонды жымқырып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Әл-фараби АПБ ЖПҚБ №33 УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп, көп ұзамай қолға түсірді. Ұсталған күдіктінің бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру