Шығыс Қазақстан облысы азаматтарының Павлодарда пәтер ұрлығын жасағаны анықталды
Павлодар облысында кәнігі ұрылар тобы құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Павлодар қаласының Оңтүстік полиция бөлімінің жедел қызметкерлері алтын бұйымдар мен ақша қаражатын ұрлады деген күдікпен бір топ ер адамды ұстады. Залалдың жалпы сомасы 600 мың теңгені құрады. Үш ер адамның ақша табу үшін Павлодарға бұрын сотталған павлодарлық азаматтың шақыруымен келгендері анықталды. Ұрылар пәтер ұрлығын мұқият жоспарлаған. Пәтер иелерінің жұмысқа кетуін күтіп, күдіктілер кілттерді таңдау арқылы пәтерге кіріп, сейфтен алтын бұйымдар мен ақша ұрлаған. Олар полициядан жасырына алмады. Төрт күдіктінің барлығы ұсталды. Күдіктілердің үшеуі Шығыс Қазақстан облысының азаматтары болып табылады, – деді Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Елдар Әбдікенов.
Полиция қызметкерлері ұрлық фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті. Күдіктілер Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Сондай-ақ, полицейлер аталған тұлғалардың осыған ұқсас ашылмаған ұрлық қылмыстарына қатысы бар-жоғын тексеруде.