Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында адам тонаған күдікті ұсталды

Қарағанды облысының полицейлері адам тонаған күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қаңтарда Қарағанды облысы Сәтбаев қаласының полиция бөліміне 55 жастағы қала тұрғынынан арыз түсті. Ол көпқабатты үйлердің бірінің ауласында белгісіз біреудің “шұғыл қоңырау шалуым керек” деп ұялы телефонын сұрап алып, қашып кеткендігі туралы айтып шағымданды.

Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

26 қаңтарда жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 34 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындап, одан айғақ заттар алынды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру