Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық ұрының әрекеттері бейнебақылау камерасының көмегімен әшкереленді

Қызылордада ұрлық жасамақ болған облыс орталығының тұрғыны оқиға орнында ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордалық полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен қылмыстарды ізін суытпай ашуда. Жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары азаматтардан келіп түскен хабарламаларды қабылдау және өңдеу барысында барлық күдікті әрекеттерді, адамдардың мінез-құлқын және бейнебақылау камерасына түскен күмәнді тұлғаларды жедел тексереді.

Мысалы, 24 қаңтар күні түнгі кезекшілікке түскен бейнебақылау  инспекторы кешкі уақытта белгісіз азаматтың көпқабатты үйлердің бірінің алдында тұрған автокөліктердің есігін техникалық құрал-саймандарды пайдалана отырып, ашуға тырысып жүргендігін байқаған.

Полиция қызметкері дереу байланыс құралы арқылы патрульдік экипаждарға хабарлама берген. Хабарлама бойынша оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полиция қызметкерлері күдікті азаматты оқиға орнында ұстады.

Күдікті азамат “Тойота” маркалы автокөлігінің салонына енуге тырысқан.

Оқиға орнында ұсталған 25 жастағы бұрын сотты болған азамат облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Күдікті азаматтан айғақ заттар алынды.

Қазіргі таңда бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру