Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында үздік қызметкерлер марапатталды

Түркістан облысында үздік қызметкерлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін Түркістан облысы ПД-ның мәжіліс залында марапаттау рәсімі өткізілді. Құттықтау сөзін алған Қайрат Дәлбеков:

– Біздің салада батыл да батыр, халыққа жақын, елдің тыныштығын сақтауға аянбай қызмет ететіндер жұмыс атқарады. Бірлікте атқарған жұмысымыз жоғары бағалануда. Осы тұста, жыл бойы жақсы нәтижелерімен көзге түскен бірқатар полицейлерімізге құрмет көрсетпек ниеттеміз. Марапаттарыңыз құтты болсын! Қиын да қауіпті саладағы жұмыстарыңызға табыс тілеймін! – деп атап өтті.

Тарқатып айтар болсақ, Түркістан облысы Полиция департаментінің Грамотасымен төмендегі тәртіп сақшылары марапатталды. “Үздік тергеуші” полиция майоры Матенов Бекзат, “Үздік криминалист” полиция майоры Баятаров Фархат, “Үздік жедел уәкіл” Шәкім Ермек, “Үздік анықтаушы” Тасбауов Әлімжан, “Үздік патрульдік полиция қызмет инспекторы” полиция аға лейтенанты Сүйіндік Ерназар.

Осылайша 2020 жылдың қорытындысы бойынша, өздерінің қызметтік міндеттерін адал атқарып, жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген ең үздік қызметкерлерге тиесілі марапаттары ұсынылды. Өздерінің кәсіби шеберлігі мен қырағылығын көрсеткен полицейлер ПД-ның бастығына, сенім артқан халыққа алғыстарын білдірді. ҚР үшін қалтқысыз қызмет етуге уәде берді.

Сонымен қатар іс-шара барысында ҚР Президентінің Жарлығымен пандемиямен күрес кезіндегі жемісті еңбектері үшін “Халық алғысы” медалімен Медицина бөлімінің басшысы Мәлік Иватұлы, ЖПҚ басқармасының инспекторы полиция майоры Нұрлан Тұмабаев, патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Ғалымжан Жақсылықовтар марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру