Шығыс Қазақстанда 30-дан астам шетелдік азамат заңсыз еңбек еткен
Шығыс Қазақстанда 30-дан астам шетелдік азамат заңсыз еңбек еткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
“Учаске” ЖПІШ аясында көші-қон қызметінің қызметкерлері Өскемен қаласында уәкілетті органның рұқсатынсыз жеке үйлер салуды жүзеге асырған Өзбекстанның 21 азаматын және Тәжікстанның 13 азаматын анықтады.
Құқық бұзушылар ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Заңсыз мигранттарды жұмысқа қабылдаған 6 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілік түріндегі жазаға тартылды, оларға 100 мың теңгеден астам мөлшерде әкімшілік айыппұл салынды.
ШҚО-да “Учаске” жедел-профилактикалық іс-шарасы басталғаннан бері ҚР көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 100-ден астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
ШҚО ПД көші-қон қызметі уәкілетті органның рұқсатынсыз Қазақстан Республикасында уақытша болатын шетелдік азаматтардың еңбек қызметіне тыйым салынғанын ескертеді.