Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Есірткіге жоқ деп айт!”: ШҚО полицейлері футболдан турнир ұйымдастырды

ШҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп, “Есірткіге жоқ деп айт!” деген ұранмен аула командалары арасында әуесқой футболдан турнир өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Турнир ұйымдастырушыларының айтуынша, нашақорлыққа қарсы күресте нашақорлықтың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау басты орын алады. Ол мақсатта ШҚО ПД ЕҚҚІҚБ қызметкерлері түрлі іс-шараларды, соның ішінде спорттық бағыттағы іс-шараларды жиі өткізеді.

Турнир барысында үздіктер атағы үшін 40-тан астам ойыншы бақ сынасты. Турнирге қатысушылардың жас ерекшеліктеріне қарамастан, футбол алаңында тартысқа толы ойын болды.

Әсіресе, жас футболшылармен қатар алаңда жүгірген орта жастағы қатысушыларды атап өткен жөн, өйткені осылайша олар жас буынға кез-келген жаста спортпен шұғылдануға және өмірден ләззат алуға болатындығын көрсетті.

Турнирдің барлық кезеңдерін өткізгеннен кейін жеңімпаздар грамоталармен, медальдармен, кубоктармен және Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру