Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда қаза тапқан арнайы жасақ жауынгерінің құрметіне самбодан жарыс ұйымдастырылды

Талдықорғанда қаза тапқан арнайы жасақ жауынгерінің құрметіне самбодан жарыс ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу полицейлері “Динамо” ДШСҚ-мен бірлесіп 2013 жылы қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция капитаны Ержан Ахметовтің құрметіне самбодан ірі турнир өткізуге ұйытқы болды.

Самбо күресіне Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарының полиция департаменті атынан 80-нен астам палуандар, сонымен бірге Талдықорған ДШБ десантшы-әскери қызметшілері қатысты.

– Біз қаза тапқан батырларымызды құрметтейміз және еске аламыз. Ержан Ахметовтің артында жұбайы мен балалары қалды. Бүгін спорттық шараға құрметті қонақ ретінде оның жары Баян да қатысты. Турнирде біріншілік үшін бақ сынайтын спортшылардың арасында оның достары да аз емес. Турнир жыл сайын республикалық және халықаралық жарыстарда өнер көрсететін үздік самбистерді анықтау мақсатында өткізіледі, – деді Жетісу облысы ПД бастығының орынбасары Талант Жұмабеков.

Жалпы командалық есепте үздік команда атағын Жетісу облысы полициясының самбистері жеңіп алды. Екінші орынды Алматы қаласы ПД командасы иеленді. Жеке біріншілікте әртүрлі салмақ дәрежесінде 21 жеңімпаз анықталып, олар медальдармен, грамоталармен марапатталды және 50 мыңнан 150 мың теңгеге дейінгі ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, “Арлан” арнайы бөлімшесінің жауынгері Ержан 2013 жылдың маусым айында қарулы қылмыскерді ұстау кезінде қаза тапқан. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен әскери және қызметтік борышын үлгілі орындағаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін полиция қызметкері қайтыс болғаннан кейін II дәрежелі “Айбын” орденімен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру