Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІМ-де лудоманияның алдын алу бойынша дәріс өткізілді

Ішкі Істер министрлігінде әлеуметтік-құқықтық оқыту аясында жазушы әрі публицист Жан Ақжановпен кездесу өтті. Қоғам қайраткері тәртіп сақшыларына лудомания, яғни құмар ойындарына құштарлық мәселесі туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Лудомания –  адам өмірінде басым рөл ойнайтын, әлеуметтік, кәсіби, материалдық және отбасылық құндылықтардың төмендеуіне әкелетін патологиялық ойынқұмарлығы. Азарт адамдарды тек материалдық шығынға ұшыратып қана қоймай, сондай-ақ рухани тұрғыда да азғындатады.

Кездесуде ойынқұмарлықтың зардабы мен оны алдын алудың жолдары туралы айтылды. Полицейлер өздеріне пайдалы ақпарат алып, лудомания тақырыбын талқылауға белсене қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру