Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда мопед пен самокат жүргізушілері бір тәулік ішінде 115 тәртіп бұзушылық жасаған

Алматыда мопед пен самокат жүргізушілері бір тәулік ішінде 115 тәртіп бұзушылық жасаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметінің патрульдік және ювеналды полиция қызметкерлері арнайы рейд жүргізді.

– Жолаушыларды тасымалдау ережелерінің талаптарын, жол қиылыстарынан өту ережелерін, қорғаныс құралдарын міндетті пайдалану талаптарын елемей, жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 115 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 47- і самокат пайдаланушылары, 68-і мопедист. Кәмелетке толмағандардың микромобиль көлігін пайдалануына ерекше назар аударылды. Балаларына самокат пен мопед мінуге рұқсат берген сегіз ата-ана жауапқа тартылды. Кейбір жағдайларда балалар мектепке осы көлікпен келген, бұл жалпы заң мен қауіпсіздік нормаларына қайшы келеді, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Ержан Ұзабаев.

Бұрын хабарланғандай, жыл басынан бері самокаттардың қатысуымен 25 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам қаза тауып, 27 адам жарақат алған.

 

Ал мопедтердің қатысуымен 292 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, нәтижесінде 14 адам қаза тапты, былтыр екі адам қайтыс болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру