Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы ұрланған көліктерді жер асты тұрақтарынан іздеп жатыр

Алматы полициясы ұрланған көліктерді жер асты тұрақтарынан іздеп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталған іздестіру іс-шараларын қалалық криминалистикалық және әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері бірлесіп жүргізіп жатыр. Іс-шара мақсаты іздеу жарияланған және ұрланған көліктерді, сондай-ақ жер асты тұрақтарына газбаллон орнатылған көліктердің кіру фактілерін анықтау.

Алматы қаласында “Газбаллон” атты республикалық іс-шарасы аяқталды. Шара барысында жер асты тұрақтарында газбаллон орнатылған көліктер анықталған.

– Ал бүгінде аталған шара қылмыстық ахуалға байланысты әрі қарай өзгертілді. Себебі, көбінесе ұрланған немесе іздеу жарияланған көліктерді жер асты тұрақтарына жасыру үрдіске айналған. Мысалға, іс-шара барысының алғашқы тәулігінде іздеуде жүрген екі көлік әшкереленді. Сонымен қатар, газ баллон орнатылған көліктерін жер асты тұрақтарына қойған 6 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп мәлімдеді Алматы қаласы полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасы бастығы Асхат Күлбаев.

Сондай-ақ, ол аталған рейдттік шаралар өткізу үшін арнайы мобильді топ құрылғанын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру