Шығысқазақстандық саяжайында тыйым салынған өсімдік өсірген
Шығысқазақстандық саяжайында тыйым салынған өсімдік өсірген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Қарасора-2022» жедел-профилактикалық іс-шарасының нәтижесінде Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері саяжайлардың бірін тінту барысында 34 жастағы облыс орталығының тұрғынынан жасыл түсті өсімдік тәркіледі. Сондай-ақ, тінту кезінде ұсталған адамның тұрғылықты жері бойынша үш пластикалық құмыра табылып, олардың әрқайсында бір-бірден 3 түп өсімдік өскен, сондай-ақ 230 грамнан астам кептірілген марихуана тәркіленді.
Сонымен қатар, қаскөйдің көлігінен қоңыр-жасыл түсті өсімдік заты бар шыны ыдыс табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, аталған өсімдіктер жалпы салмағы 1 келіден асатын құрамында есірткі заттары бар каннабис түріне жатады.
Ұсталған адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде мәжбүрлеу шарасы таңдалды.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодекстің 300-бабының 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясымен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.