Шымкент әкімі полицейлерге 50-ге жуық жаңа көліктің кілтін табыстады
Шымкент әкімі полицейлерге 50-ге жуық жаңа көліктің кілтін табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мегаполистегі “Астана” алаңында полиция департаментінің жеке құрам қызметкерлерімен салтанатты гарзиондық сап түзеу өтті.
Шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, полиция департаментінің бастығы Думан Таев, басшылық құрам мен 500-ге жуық сақшы қатысты.
Сөз кезегін алған шаһар әкімі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде полицияның рөлі орасан зор екенін тілге тиек етіп, қызметте ерекше көзге түскен погондыларды алғыс хатпен марапаттады.
Сондай-ақ миллионнан астам тұрғынның қауіпсіздігін күзетуде жұмыс сапасын жақсарту үшін пайдалануға жаңа 46 автокөліктің кілтін табыстады.
Осы тұста Думан Таев қала әкіміне өз ризашылығын білдіріп, қатардағы әр сақшы Отанға адал қызмет етінін жеткізді.