Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының полицейлері мас жүргізушіні қолға түсірді

Ақмола облысының полицейлері көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарды орындамаған мас жүргізушіні қолға түсірді , – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция взводының командирі Тельжан Мұхтаров, полицияның аға лейтенанттары Асылжан Омаров және Әділбек Сәлімовтың құрамындағы “Буран-15” автопатрульімен Степногорск қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметін атқару кезінде қалалық емханаға қарама-қарсы Паркова көшесі бойынша сағат 21:40 шамасында Audi-80 автокөлігі тоқтатылды, жүргізуші көлік құралын тоқтату туралы заңды талаптарды орындамаған және жасырына бастаған. Полицейлер көлік жүргізушісін қуып жетуге мәжбүр болды. Ұсталған адам мас болып қана қоймай, көлік жүргізу құқығынан да айырылған. 

Полицейлер бірден артынан жүріп 10 минуттан кейін көлікті тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде Заводская кентінің 29 жастағы тұрғыны көлік жүргізіп жүргені және мас болу белгілері бар екендігі белгілі болды, бұл медициналық сараптамамен расталды. Ер адамда мас болудың “орташа дәрежесі” болды.

Осы жылдың мамыр айында заң бұзушы көлік құралын басқару құқығынан 7 жыл мерзімге айырылғаны анықталды. Қазіргі уақытта осы фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұдан басқа, полицейдің жүргізушіге қатысты талаптарын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы (Ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) туралы хаттамасы жасалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру