Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда сотталған альпинист кішкентай бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Павлодарда есептегі сотталған “альпинист” кішкентай бүлдіршіндерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 жастағы павлодарлық пробация қызметінде есепте тұр, ведомство инспекторларының айтуынша, жігіттің мінез-құлқы, өмірге деген көзқарасы жақсы.

– Бұл азамат альпинистік дағдыларды жетік меңгерген. Ол мұны кәсіби түрде жасайды. Жазда терезелерді жуады, ал Жаңа жыл қарсаңында Аяз Ата болып жұмыс істейді. Біз оның бастамасын қолдадық. Қазір “Аяз атамызда” тапсырыс көп, сондықтан біз бірден объектілерде тексердік. Сотталған азамат психологиялық тұрғыда оң сипатқа ие, ата-анасымен бірге тұрады. Өзі айтқандай, жұмысы ұнайды, бұл оған өзін қаржылық жағынан қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Альпинизмнен басқа оның негізгі жұмыс орны бар, – деді Павлодар қалалық пробация қызметінің бастығы Серік Булекпаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру