Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында ерлігімен көзге түскен полицейлер марапатталды

Түркістан облысында ерлігімен көзге түскен полицейлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ерекше ерлік істерімен көпшілікке үлгі болып, өз саласында айрықша жетістікке жетіп келе жатқан әріптестеріміздің еңбегін қоғамға, әсіресе жастарға дәріптеу әрдайым назарымызда болуға тиіс. Біз жаңашыл, батыл, әріптестерімізді марапаттап, есімдері мен ерліктерін дәріптейміз, – деп сөзін бастаған облыстық полиция департаментінің басшысы Мұрат Талапұлының қолынан бүгін бірқатар жас тәртіп сақшылары марапат алды.

Жылды қорытындылай келе өз саласында жетістікке жетіп, еңбектері бағаланған полицейлер, оның ішінде Қазақстан Респбуликасы ІІМ-нің “Үздік тергеуші” конкурсынан жүлделі орынды иемдеген Ерасыл Намазбаев “Қазақстан полициясына 30 жыл” төс белгісімен марапатталса, 2023 жылғы 19 қазанда Түркістан қаласында орын алған өртте адам өмірін құтқару кезіндегі батылдығы мен қайсарлығы үшін полиция аға лейтенанттары Бағлан Жүнісов пен Асан Аманәлі төтенше жағдайлар министрлігі тағайындаған “Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін” медалімен марапатталды.

Сонымен қатар осындай қуанышты марапаттар легін зейнеткерлікке шығып жатқан Болат Қаныбековті құттықтау марапаты жалғастырды. Генерал Мұрат Қабденов ішкі істер саласына 30 жылдан астам еңбегін арнап, ең қиын құрылымда қызмет етіп, қылмысты ашуда, күдіктіні құрықтауда көрсеткен қырағылығы, кәсіби шеберлігі үшін Болат Бахадүрұлына алғысын білдіріп, зейнеткерлік демалысқа абыроймен шығарып салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру