Шымкент аумағында бір нүктелік рейдттік профилактикалық іс-шара өткізілді
Шымкент аумағында бір нүктелік рейдттік профилактикалық іс-шара өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Кәмелетке толмағандар арасындағы және оларға қарсы жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, түнгі уақытта заңды өкілінсіз ойын-сауық орындарында және тұрғын үйден тыс жерлерде жүретін кәмелетке толмағандарды анықтау және алдын алу бойынша түнгі уақытта бір нүктелік рейдттік профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында 140-тан астам көңіл көтеретін мекемелер, компьютерлік ойын-сауық орындары саябақтар және басқа да жастар көп шоғырланатын орындар қамтылды. Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде кәмелетке толмағандар саласына қатысты 165 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды:
– түнгі уақытта кәмелетке толмағандардың ойын-сауық орындарында болуына жол берген 11 мекеме анықталды;
– түнгі уақытта заңды өкілінсіз ойын-сауық орындарында болған 19 жасөспірім анықталды;
– түнгі уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде болған 134 жасөспірім анықталды;
– Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзудың 1 жайты анықталды;
– қадағалаусыз жүрген 8 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды.
Анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтардың барлығына хаттамалар толтырылып, ата-аналарына әкімшілік шара қолданылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар әрі қарай жалғасын табады.