Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде 21 кекілік атып алған азамат ұсталды

Ақтөбеде 21 кекілік атып алған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Мәртөк ауданы Құрмансай ауылы маңындағы автожолда Ақтөбе тұрғынының басқаруындағы Toyota Prado автокөлігін тоқтатты. Жүргізушімен бірге автокөлікте екі жолаушы болды.

Тексеру барысында автокөліктің салонынан полицейлер сақтауға рұқсаты бар аңшылық мылтықтарды, сондай-ақ 21 кекілік ұшасын тапты.

“Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы” Қазақстан  Республикасының Заңына сәйкес кекіліктерді аулауға қыркүйектің басынан қарашаның аяғына дейін ғана рұқсат етіледі.

Заңсыз аң аулау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта жануарлардың барлық түрлерін аулауға тыйым салынған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру