Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері «Браконьер» ЖПІШ барысында түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Шымкент полицейлері «Браконьер» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында түсіндірме жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қазанда Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының Табиғатты қорғау тобының инспекторлары және Түркістан облыстық балық инспекциясы бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп рейдтік іс-шара өткізді. Аталған іс-шараның мақсаты – браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу.

Шара барысында арнайы топ қала аумағындағы «Айна базарындағы» балық аулау құралдарын сататын орындарға барып тексеріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ тәртіп сақшылары заңмен тыйым салынған құралдарды сатудағы шектеулер туралы толығырақ айтып, заңсыз балық аулау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартуға әкеліп соқтыратынын жеткізді.

Балық аулауға тыйым салынған құралдарды пайдаланып, балық аулау қағидаларын бұзып, заңды белшесінен басып пайда тауып жүретіндер бар. Осы ретте заңсыз балық аулаған азаматтар ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Әкімшілік хаттама толтырылған жағдайда, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Айта кетейік, республика көлемінде қолға алынған «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 20-қарашаға дейін жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру