Шымкент полицейлері бұрынғы жұбайын тонаған түркістандықты құрықтады
Шымкент полицейлері бұрынғы жұбайын тонаған түркістандықты құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданы Полиция басқармасына 102 арнасы арқылы Тұран-2 шағын ауданының тұрғыны арызданған. Арызданушының айтуынша, жұмыс орнында болған уақытында бұрыңғы некедегі күйеуі келіп, мойнындағы 170 мың теңге тұратын алтын алқасын ашық түрде тартып алып кеткен.
Аталған арыз бойынша Қаратау АПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде, 35 жастағы түркістандық тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді.
Қазіргі таңда аталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігімен (Тонау) қылмыстық іс тіркеліп, тергеу амалдары жүргізілуде.