Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері екі жігіттен жарты келіден астам есірткі тәркіледі

Шымкент полицейлері екі жігіттен жарты келіден астам есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде екі жас жігіт полиция қызметкерлерінің назарына ілінді.

– Біз оларды қала көшелерінің бірінде BMW автокөлігінің ішінде отырған жерінен қолға түсірдік. Көлікті тексеру барысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілдері жолаушының сөмкесінен синтетикалық есірткіге ұқсас зат салынған полиэтилен пакетін тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 538 грамды құрайтын «мефедрон» болып шықты, – деді Шымкент қаласы Полиция департаменті басшысының орынбасары Арман Бейсенбаев мәлімдеді.

Бұл шамамен 1000-нан астам доза дайындауға жетеді. Олардың тұрғылықты мекенжайын тексеру кезінде заттай айғақ ретінде таразы, есірткіге арналған пакеттер мен түтікшелер тәркіленді.

Қазіргі таңда ұсталғандардың синтетикалық есірткіні орап, оны өткізу үшін көтерме саудамен айналысқаны анықталды.

– Күдіктілер Шымкент қаласының жергілікті тұрғындары екені анықталды және қамауға алынды. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша тіркелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, – дейді Бейсенбаев.

Жыл басынан бері Шымкент қалалық Полиция департаменті жедел-профилактикалық іс-шаралары барысында аталған жайтқа байланысты 13 деректі анықтады. Сондай-ақ, аса ірі көлемде заңсыз ескірткі сақтаған бір жайт және заңсыз айналымнан 800 грамнан астам синтетикалық есірткі тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру