Түркістан облысының полицейлері аккумулятор ұрлаған ер адамды ұстады
Түркістан облысының полицейлері аккумулятор ұрлаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Төлеби АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданып, белгісіз адам түнгі уақытта оның үйінің ауласында тұрған ВОЖАК аккумуляторын ұрлап кеткенін айтқан. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы(Ұрлық) бойынша тіркелді.
Ақпарат алысымен тәжірибелі полиция қызметкерлерінен құрылған жедел-тергеу тобы ұрыны ұстауға жұмылдырылды. Тәртіп сақшылары оқиға орнына тез арада жетіп, қылмысты ашуға қажетті барлық шараларды іске асырды. Көрген-білген жандардан жауап алып, сол арадағы бейнебақылау камераларын тексерді.
Алынған ақпарат көздері арқылы жедел уәкілдер күдіктінің ізіне түсіп, оны тұрғылықты мекенжайынан ұстады. Ұсталған ер адам жергілікті тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, ұсталған тұрғын сыртта қараусыз тұрған аккумуляторды жымқырып кеткен. Күдіктіден айғақты зат ретінде аккумулятор алынып, иесіне қайтарылды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.