Шымкент полицейлері халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады
Шымкент полицейлері халықаралық іздеуде жүрген азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-профилактикалық іс-шара барысында 45 жастағы Өзбекстан азаматын құрықтады.
Ер адамға ірі көлемде ұрлық жасағаны үшін көрші елдің тәртіп сақшылары халықаралық іздеу жариялаған. Ол 12 жыл бойы қылмыстық қудалаудан жасырынған. Қазіргі таңда шетелдік азамат қамауда. Оны Өзбекстан Республикасына экстрадициялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.