Шымкент полицейлері мал ұрысын құрықтады
Шымкент полицейлері мал ұрысын құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында құны 300 мың теңге тұратын үш жасар және құны 250 мың теңге тұратын алты жасар сиырын белгісіз тұлғалар ұрлап кеткенін жазып көрсеткен. Қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылып, күдіктілердің ізіне түскен.
Аталған жайт бойынша жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізу барысында Қаратау ауданы Полиция басқармасының ЖПҚБ Учаскелік полиция инспекторларымен ұрлық жасаған ер адам құрықталып, ұрланған мал иесіне қайтарылды.
Қазіргі таңда бұл жайт бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.