Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полиция бөліміне 6 күн ішінде 275 кәмелетке толмаған бала жеткізілді

Ақтөбеде полиция бөліміне алты күн ішінде 275 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының полицейлері 2-7 қараша аралығында өткізілген “Демалыс” республикалық жедел алдын алу іс-шарасын қорытындылады.

Іс-шара барысында ювеналды полиция инспекторлары аулаларда, саябақтарда және жастар көп жиналатын орындарда рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Нәтижесінде алты күн ішінде полиция бөліміне 275 кәмелетке толмаған бала жеткізілді, оның ішінде заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін тыс жерде болған 260 жасөспірім де бар.

Кәмелетке толмағандарды заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22.00-ден кейін ойын-сауық мекемелеріне кіргізгені үшін үш жеке кәсіпкер және алкоголь өнімдерін 21 жасқа дейін азаматтарға сатқаны үшін бес жеке кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар, рейдтік іс-шаралар барысында кәмелетке толмағандардан полицейлер бес тескіш-кескіш затты тәркіледі. Сондай-ақ, ювеналды полиция инспекторлары 29 жасөспірімді және 23 қолайсыз отбасын есепке алды, ал 14 ата-ана кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға 29 материал жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру