Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полициясы есірткі алып жүрген ер адамдарды құрықтады

Шымкент полициясы есірткі алып жүрген ер адамдарды құрықтады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен дүйсенбіде "Қарасора" жедел алдын алу іс-шарасы аясында әкімшілік аумақта рейдтік тексеру жүргізу кезінде Қаратау АПБ-ның учаскелік инспекторларының назарына қараусыз қалған ғимараттан шыққан ер адам түсті. Күдіктіні тексеру барысында полицейлер қала тұрғынынан кептірілген марихуана салынған қағаз орамасын тауып алып, тәркіледі. Содан кейін тәртіп сақшылары сол аумақты тексеріп, есірткі шегуге арналған бөтелкені, темекі қалдықтары мен сіріңкелерді тапты.

Сондай-ақ, келесі күні рейд барысында көше бойымен өткен басқа азаматтың оғаш мінез-құлқы полицейлердің күдігін туғызды. Ер адамнан инспекторлар қағазға оралған марихуананы ұсақталған түрінде тапты. Ұсталған азамат полицейлерді байқап, түйіншекті тастағысы келгенін, бірақ үлгермегенін мойындады.

- Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу фактілері бойынша полиция қызметкерлері қылмыстық істерді тіркеді. Тергеу аяқталғаннан кейін заңды шешім қабылданады, - деді Қаратау АПБ ЖПҚ-нің бастығы Нұржан Қонысов.

Полиция қызметкері есірткі заттарын заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру