Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент қаласында пәтер ұрысы қолға түсті

Шымкент қаласында пәтер ұрысы қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 12 мамырында Қаратау АПБ «102» нөміріне 35 жастағы жергілікті тұрғыны арызданған. Ол өз арызында үйінен құны 300 мың теңге тұратын шаңсорғышын, құны 250 000 теңге тұратын кір жуғыш машинасын және 150 000 теңге тұратын теледидарын жасырын түрде ұрлап кеткенін көрсеткен.

Қаратау АПБ КПБ қызметкерлерімен Шымкент қаласының 36 жастағы тұрғыны анықталып, жеткізілді. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ ұрлық жайты орын алмас үшін, пәтеріңізді ең тиімді қорғау әдісі – арнайы күзет ұйымының дабыл жүйесіне қосылу болып табылады.

Егер сіз орын алған қылмысқа куә болған болсаңыз немесе адамдардың мінез-құлқына күмәндансаңыз (мысалы, балкондар арқылы пәтерге кіру немесе пәтерге кіретін есікті ашалмай ұзақ ашу, пәтерден кейбір мүлікті алып шығу) бұл жөнінде «102» телефонына жедел түрде хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру