Шымкент сақшылары “Мектеп” ЖПІШ барысында 250-ге жуық құқықтық дәріс өткізді
Шымкент сақшылары “Мектеп” ЖПІШ барысында 250-ге жуық құқықтық дәріс өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, олардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы заң бұзушылықтарды болдырмау және оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қала аумағында “Мектеп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.
Шара барысында ювеналды полиция бөлімінің сақшылары өздеріне бекітілген білім ошақтарында 250-ге жуық алдын алу дәрісі мен құқықтық тәрбие сағатын өткізді.
Онда, жасөпірімдерді жаман әдеттерге жоламауға, әлімжеттік көрсетуден аулақ болуға және беймезгіл уақытта заңды өкілінсіз тұрғын үйден тыс жерлерде жүрмеуге шақырды.
Сондай-ақ жолда жүру ережелерін қатаң сақтауды, смартфон пайдалану кезінде аса мұқият болуды, күдікті ойын бағдарламаларын жүктемеуді ескертті.