Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда екі жасөспірім ойын автоматын бұзып, тонап кетті

Талдықорғанда екі жасөспірім балаларға арналған ойыншық автоматын бұзып, тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Талдықорған полицейлері қала орталығында орналасқан ойын автоматты бұзып, ішіндегі сыйлықтарды ұрлап кеткен екі жергілікті тұрғынды ұстады.

Жас талдықорғандықтардың бұзақылық әрекеттері бейнебақылау камерасына түсіп, оның жазбасы тәртіп сақшыларына күдіктілерді анықтауға көмектесті. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында екеуі де ұсталып, қалалық полицияға жеткізілді.

– Күдікті ретінде 19 және 16 жастағы екі азамат ұсталды. Ойын автоматынан электронды темекі (вейп), зарядтағыш және ұялы телефонға арналған екі құлаққап ұрланғаны анықталды.

Іс бойынша тергеу ҚР ҚК-нің 188-бабына (Ұрлық) сәйкес жүргізіліп жатыр”, – дейді Талдықорған қаласының полиция басқармасында.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру