Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Талдықорғанда полицейлер профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр

Талдықорғанда полицейлер профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Мереке күндері Талдықорған қаласының полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген режимде қызмет атқаруда. Ерекше назар отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдық орындардағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға аударылуда.

Түнгі рейдтік іс-шаралар барысында полицейлер отбасылық-тұрмыстық жанжал дерегі бойынша жедел әрекет етіп, 1 фактіні тіркеді. Аталған жағдай бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, заң аясында тиісті шаралар қабылданды.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 1 заңды өкіл әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Белгіленбеген орындарда сауда жасаудың 4 фактісі анықталса, тағы 4 азамат қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік ішкені немесе мас күйде жүргені үшін жауапқа тартылды.

Түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз үйден тыс жүрген 8 жасөспірім анықталды. Жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жалпы, бір түн ішінде тәртіп сақшылары 54 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесті. Қоғамдық қауіпсіздік пен тұрғындардың тыныштығын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тәулік бойы жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру