Шымкент тәртіп сақшылары көліктің қосалқы бөлшегін ұрлаған ер адамды ұстады
Шымкент тәртіп сақшылары көліктің қосалқы бөлшегін ұрлаған ер адамды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу үйінің ауласында тұрған көлігінің құны 49 мың теңге тұратын қосалқы бөлшегін ұрлап кеткенін көрсеткен.
Жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Еңбекші АПБ №42 УПП учаскелік полиция инспекторларымен оқиғаға қатысы бар күдікті тиісті мекемеге жеткізілді. Тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.