Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тәртіп сақшылары телефон ұрлығын ашты

Шымкент тәртіп сақшылары телефон ұрлығын ашты,  – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 27 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында белгісіз біреу кафеде үстелдің үстінен құны 95 000 теңге тұратын «Iphone 7» маркалы ұялы телефонын ұрлап кеткенін көрсеткен.

Әл-фараби АПБ ЖПҚБ №33 УПП учаскелік полиция инспекторлары жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің ізіне түсіп, қолға түсірді. Ұсталған адамның бұрын Шымкент қаласы аумағында жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру