Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері 3 ай бойы іздеген жасөспірімді Шымкенттен тапты

Түркістан полицейлері үш ай бойы іздеген жасөспірімді Шымкенттен тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ол өзінің арызында кәмелет жасына толмаған 11 сыныпта оқитын ұлы отбасылық жанжалдан кейін үйден шығып кетіп, қайта оралмағанын хабарлайды. Сол кезден бері ұялы телефоны өшіріліп, хабар-ошарсыз кеткенін жеткізеді. Аталған жайтты тіркеуге алған сайрамдық полицейлер жедел әрекетке көшті.

Тәртіп сақшылары көрген-білгендерден жауап алып, жасөспірімнің суретін көрсетіп, жақын аймақтағы полицейлерге де бағытнама берді. Жас жігіттің достары мен баруы мүмкін жерлер тыңғылықты тексерілді. Қырағы полицейлердің күні-түні үзіліссіз, толыққанды іздестіруі нәтижесінде оның жүрген жері үш айдан кейін анықталып, жасөспірім Шымкент қаласынан жұмыс істеп жүрген жерінен табылды. Осылайша бастаған істің соңына жеткен полицейлер 11 сынып оқушысын отбасына дін-аман қайтарды.

Содан жасөспірімнің жақындары полицейлерге ризашылығын айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру