Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны алаяққа 1,3 млн теңгесін беріп қойды

Шымкент тұрғыны алаяққа 1,3 млн теңгесін беріп қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, бір жылдан бергі танысы жер телімін заңдастырып, құжаттарын ресми рәсімдеп беремін деп алдын ала 1,3 млн теңгесін алып, тоғыз ай бойы уәдесін орындамай не ақшасын қайтармай алаяқтық жолмен алдап жүрген.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Абай АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде жергілікті жердің 33 жастағы тұрғыны анықталып, полицияға жеткізілді.

Қазіргі кезде ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру