Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер аламын деп алаяққа алданды

Шымкент тұрғыны мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер аламын деп алаяққа алданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, танысы мемлекеттік бағдарлама арқылы пәтер алып беремін деп әбден сендірген. Осылайша 2,5 млн теңгесін алдын ала иемденіп, жасырынған.

Аталған жайтты ашу мақсатында Әл-Фараби АПБ-ның тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Полицейлер жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, тұрғынды алдап соққан азаматтың жеке басын анықтап, басқармаға жеткізді. Ол 33 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Белгілі болғандай, ұсталған азамат арызданушыдан алған қаражатты өзінің бас пайдасы үшін жаратып жіберген. Қазіргі кезде оған қатысты ҚР ҚК 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру