Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны млн теңгенің алтындарын ұрлап кетті

Шымкент тұрғыны млн теңгенің алтындарын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қазанда Қаратау аудандық Полиция басқармасының «102» арнасы арқылы 54 жастағы тұрғын арызданған. Оның айтуынша, түнгі сағат 00:10 шамасында белгісіз тұлға үйіне терезе арқылы заңсыз кіріп, шкафтың сөресінде тұрған жалпы құны 1 млн теңгені құрайтын алтын әшекей бұйымдары мен 80 мың теңгелік құлаққабын жасырын түрде ұрлап кеткен.

Аталған жайт бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алынды.

Полиция қызметкерлері аталған хабарламаны алған бойда күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған қажетті шараларды қабылдап, жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде жергілікті жердің 28 жастағы тұрғыны күдікті деп танылып, тәулік ішінде қала аумағында қолға түсті. Қазіргі кезде оның басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру