Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны танысын 630 мың теңгеге алдап кетті

Шымкент тұрғыны танысын 630 мың теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, танысы жер телімінің құжаттарын өзінің атына рәсімдеп беремін деп әбден сендірген. Сондай-ақ, бұл қызметі үшін алдын ала 630 мың теңгесін иемденіп алған. Алайда арада уақыт өте құжаттарын рәсімдемей, не ақшасын қайтармаған.

Аталған жайт бойынша тәжірбиелі тәртіп сақшыларынан жедел-тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын ажыратуға кірісті. Нәтижесінде, полицейлер тұрғынды алдап, ақшасын иемденген азаматты қала аумағынан ұстап, басқармаға жеткізді. Ол 36 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай, ұсталған азамат арызданушыдан алған қаражатты өз қажеттілігіне жұмсап жіберген.

Қазіргі таңда азаматқа қатысты ҚР ҚК-190 бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру