Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да қос азаматтығы бар ресейлік 300 мың теңге айыппұл төлейді

ШҚО-да қос азаматтығы бар ресейлік 300 мың теңге айыппұл төлейді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы жылдың ақпан айының басында Шемонаиха ауданының полиция бөлімінің Көші-қон қызметінің қызметкерлері құжаттарды тексеру кезінде өткен жылдың желтоқсан айының басында Ресей Федерациясының азаматтығын алған және РФ азаматының төлқұжаты бар, Қазақстан аумағына кіру кезінде ҚР азаматының құжатын пайдаланған 55 жастағы ер адамнан қос азаматтық фактісі анықталды.

– Қазақстандық құжаттарды пайдаланғаны үшін ол ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы бойынша (Қазақстан Республикасының азаматтық туралы заңнамасын бұзу) 100 АЕК – 300 630 теңге сомасында айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдікке қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылу тіркелді, – деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

ШҚО ПД көші-қон қызметі азаматтарға өзге елдің азаматтығын алған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуды уақтылы тіркеу қажет екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру