Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері мұқтаж адамдарға көмек көрсетуде

СҚО-да ҚАЖ қызметкерлері мұқтаж адамдарға көмек көрсетуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО бойынша ҚАЖД жеке құрамы жақсылық күнін жариялады. 20-дан астам қызметкер донор бола отырып, қанның оңтайлы қорын құру және қан компоненттерін үздіксіз беру үшін қан тапсырды.

Өткен жылы барлығы 130-дан астам қызметкер қан орталығында қан қорын толықтырды. Күн сайын әртүрлі апаттардан зардап шеккендерге, күрделі операцияларды жүргізу кезінде, сондай-ақ онкологиялық аурулары бар балаларға қан қажет.

Өз кезегінде “Облыстық қан орталығының” мамандары СҚО бойынша ҚАЖД жеке құрамын еріктілер қатарында көргендеріне қуанышты. Өйткені тәртіп сақшылары үнемі медициналық тексеруден өтіп, дене шынықтырумен айналысады.

ЕС-164/1,3,6,9 мекемелерінің және Петропавл қаласы мен СҚО бойынша ҚАЖД аудандарының пробация қызметі бөлімдерінің қызметкерлері, сондай-ақ сотталғандар қатарындағы еріктілермен 20-дан астам зейнеткерге аулалары мен жақын маңдағы аумақтарын қардан тазартуға көмек көрсетті. Өйткені зейнеткерлер көбіне жалғыз тұрады және көмекке аса мұқтаж.

– Біз жұбайымызбен бірге жер үйде тұрамыз. Мен 90 жастамын, жолдасым жақында 88 жасқа толады. Қар көп, қарды өзіміз тазалауға күш қауқар жоқ. Пробация қызметкерлері үнемі келіп тұрады, ауладағы қарды жинайды, қажет болған жағдайда үйді тазартуға көмектеседі, бірінші кезектегі қажетті азық-түліктерді әкеп береді. Бүгін қызметкерлер ауладағы қарды тазалап, отынымызды жарып берді, – дейді зейнеткер Николай Андреевич.

– Өткен жылы СҚО бойынша ҚАЖД қызметкерлері 55-тен астам отбасына көмек көрсетті, 65 литрден астам қан тапсырды, антисептиктер мен маскалар таратты. Біз мұқтаж жандарға көмек көрсету жұмыстарын жалғастырамыз, – деді СҚО бойынша ҚАЖД бастығы Рустан Ахметжанов.

Айта кету керек, сотталғандар мұқтаж адамдарға көмек көрсетуге әрқашан да дайын. Бұл оларды қайта әлеуметтендірудің маңызды қадамдарының бірі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру