Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғынын «танысы» 100 мың теңгеге алдап кетті

Шымкент тұрғынын «танысы» 100 мың теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 8 тамызында Әл-Фараби АПБ-на Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында WhatsApp әлеуметтік желісінен телефон нөміріне белгісіз адам танысы екендігі туралы хат жазып, сеніміне кіру арқылы 100 мың теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп алғандығын көрсетті.

Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтап, жеткізді. Ұсталған адамның басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру