Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғынының әріптесі телефонын қолдануға сұрап алып, қайтармай қойған

Шымкент тұрғынының әріптесі телефонын қолдануға сұрап алып, қайтармай қойған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әл-Фараби АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті жердің 25 жастағы тұрғыны арызданған. Оның айтуынша, өзі жұмыс жасайтын автожуу бекетіне көлік жуушы болып жаңадан келген жігіт оның ұялы телефонын қолдануға уақытша сұрап алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Келтірілген шығын көлемі – 200 мың теңге.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.

Тәртіп сақшылары жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдіктінің «ізін суытпай» бір тәулік ішінде Түркістан қаласының аумағынан қолға түсірді. Ол 25 жастағы Түркістан тұрғыны болып шықты.

Қазіргі кезде ұсталған азамат өз кінәсін толықтай мойындап отыр. Айғақты зат тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осы тектес жайттарға қатыстылығын анықталып, тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру