Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте 150 адам жиналған той тоқтатылды

Шымкентте 150 адам жиналған той тоқтатылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 5 маусымында сағат 13:30-да Шымкент қаласында орналасқан «Шымкент холл» мейрамханасы карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерді қабылдап жатқанын анықтады. Қызметкерлер мен даяршылар кафе ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсеткен.

Сондай-ақ 150 адамға арналған қыз ұзату тойын өткізіп жатқаны белгілі болды.

Аталған жайт бойынша карантин талаптарын сақтамай жұмысын жалғастырған кафе әкімшісінен түсініктеме алынды. Жинақталған іс-құжаттар шара қолдану үшін ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру