Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы заңсыз көші-қон арнасын бұғаттады

Алматы полициясы заңсыз көші-қон арнасын бұғаттады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оны көші-қон қызметінің қызметкерлері анықтағандай, 31 жастағы қазақстандық ұйымдастырды.

– Біздің Медеу ауданының Полиция басқармасы жанындағы бөлімше қызметкерлері жедел-алдын-алу іс-шараларын жүргізу кезінде Өзбекстан Республикасының азаматтарына тұрғын үймен және жұмыспен қамтамасыз ету бойынша заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырған 1990 жылы туған А.есімді азаматты анықтады және ұстады. Осы факті бойынша материал ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігі – заңсыз көші-қонды ұйымдастыру бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

Спикердің айтуынша, “Келімсек” іс-шарасы барысында, Беларусь Республикасы ІІМ Минск қаласының Орталық аудандық ІІОЖ 2019 жылдан бері, Беларусь Республикасы ҚК-нің 205 бабы 1 бөлімі – бөтеннің мүлкін ұрлау бойынша іздеуде жүрген Беларусь Республикасының азаматы – 1991 жылы туған М.есімді азамат ұсталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру