Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы қаласының полицейлері қан доноры болды

Алматы қаласының полицейлері қан доноры болды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы полиция Департаментінің қызметкерлері өз еркімен қан тапсыру науқанына белсенді қатысты.

– Қан тапсыру науқанына қатысу жеке құрам үшін дәстүрлі оқиға болды. Кім-кім, бірақ, полиция мен дәрігерлер, әр түрлі апаттарда зардап шеккендерден бастап, күрделі оталарға дейін күн сайын қан қажет екенін біледі. Сондай-ақ, қатерлі ісікке шалдыққан балалар үшін де қан үнемі қажет болатынын білеміз. Мұндай көмек мұқтаж жандардың денсаулығына оң серпін береді деп ойлаймыз. Бұл іс-шараға әртүрлі қызметтер мен бөлімшелердің ондаған қызметкерлері қатысады, және бұл дегеніміз оншақты литр сау қан, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Абдуали Нашарбеков.

Өз кезегінде “Республикалық қан орталығындағы” Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының медицина қызметкерлері, полицейлерді еріктілер қатарынан көргендеріне қуанышты екенін атап өтті.

– Тәртіп сақшылары үнемі медициналық тексеруден өтеді, жақсы дене дайындығы бар, ал, донор тек ауыр сырқаты жоқ адам ғана бола алады, – дейді медициналық мекеме.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру