Жайылымнан тоғыз бас қой ұрлаған қарағандылық жігіт қолға түсті
Қарағанды облысында жайылымнан тоғыз бас қой ұрлаған күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
21 мамыр күні Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне 42 жастағы шаруа қожалығының иесі хабарласып, белгісіз біреу жайылымнан тоғыз бас қой ұрлап кеткені туралы хабарлады. Шаруа қожалық иесіне келтірілген шығын көлемі 240 мың теңгені құраған. Ұрлық қыстақтан тоғыз шақырымдағы жайылымда болған.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188-1-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
10 маусым күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында аталған іске қатысы бар деген күдікпен 25 жастағы ер адам ұсталды. Ол мойындау көрсетпе белгілерін беріп, тергеу амалдары жүргізілуде.