Шымкентте 30-ға жуық офицердің ата-анасына медаль табысталды
Полиция департаменті бастығының бұйрығына сәйкес қызметте ерекше көзге түскен, антына адал офицерлердің ата-анасына алғыс жарияланды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сәйкесінше, 19 әйел «Үздік офицердің анасы» медалімен тағы 5 ер адам «Үздік офицердің әкесі» медалімен марапатталды.
ПД бастығы Думан Таев әр ата-анаға ерекше құрмет көрсетіп, қажет болған жағдайда шаңырағына дейін барып, сый-сияпаттарын өз қолымен табыс етті.
– Полиция қызметкерлерінің жұмысы ауыр екенін білемін. Менің қызым да сол қатарда қиыншылықты көтеріп, қызметте көзге түсіп, өз еңбегімен бізді осы марапатқа бөлеп отыр. Осыған байланысты департамент басшылығына алғысымды білдіремін, – дейді, әкімшілік полиция басқармасының инспекторы Лесгүл Адырбаеваның әкесі.